Қазақстан арқылы Еуропаға өтпек болған 9 шетелдік ұсталды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
2023 жылғы 11 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған 9 шетелдіктің әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған.
17 тамызда БҚО Бөрлі ауданының сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 514-бабы 2-бөліміне сәйкес ұсталғандар жауапкерлікке тартылды.
2023 жылдың басынан БҚО аумағында Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзған 110 шетелдік ұсталған.

