instagram.com/zhaslanmadiyev

Қазақстан әлемнің ең қуатты суперкомпьютерлерінің картасына енді

Қазақстан әлемнің ең қуатты суперкомпьютерлері картасына ресми түрде енді. Бұл туралы жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жеке парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жаңа жарияланған TOP-500 рейтингінде Қазақстан тарихта алғаш рет өз орнына ие болды.

НИТ ҰАҚ АҚ (AI және цифрлық даму министрлігі) басқаруындағы суперкомпьютер әлемдік ТОП-100-ге кіріп, 86-орын алды. «Қазақтелеком» АҚ суперкомпьютері 103-орында, - деп жазды министр.

Ведомство басшысының сөзінше, бұл есептеу қуаттары енді зерттеу орталықтарына, университеттерге, IT компаниялар мен стартаптарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ашық әрі қолжетімді болады.

Бұл – еліміздің цифрлық егемендігі мен AI-инфрақұрылымының дамуы үшін тарихи қадам.

Құтты болсын, Қазақстан! – деді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Zhaslan Madiyev (@zhaslanmadiyev)