Қазақстан активтерді шетелге шығару бойынша рейтингте 111-орында
Базель басқару институты жыл сайынғы "Basel AML Index" рейтингін жариялады.
Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ең беделді дереккөздің құжатына сәйкес Қазақстан Республикасы 4,65 баллмен 111-ші орында тұрақтады. АЖ/ТҚҚ тәуекелі 10 балдық шкала бойынша бағаланады (мұнда 10 – ең жоғары тәуекел, 0 – ең төменгі тәуекел).
Қазақстан АҚШ, Жапония, Сингапур, Қытай, Катар, Италия, Венгрия және Түркия сияқты елдерді артта қалдырды.
Ең аз тәуекелге ұшыраған 5 елдің қатарына Сан-Марино, Исландия, Финляндия, Эстония, Андорра, Швеция кірді.
2024 жылы Индекс (қоғамдық нұсқа бойынша) 164 елді бағалады және ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландырудың (АЖ/ТҚҚ) жоғары тәуекелдеріне ықпал ететін әртүрлі факторларды өлшейтін 5 саладағы 17 көрсеткішке негізделген.
Сонымен қатар, рейтинг әдістемесіне алаяқтықтың ақшаны жылыстатуға байланысты предикаттық қылмыс ретінде өсіп келе жатқан тәуекелдерін көрсететін өзгерістер енгізілді.
Айта кетейік, Қазақстанның позициясын жақсартуға елдің АЖ/ТҚҚ қарсы іс-қимыл жүйесінің барлық қатысушыларының тиімді және үйлесімді жұмысының арқасында қол жеткізілді.
ҚМА FATF халықаралық стандарттарына сәйкес келу үшін Ұлттық "жылыстату" жүйесін нығайту жұмысын жалғастыруда.