Жаңалықтар

Қазақстан АЭС құрылысына қаржыны қайдан алады

Қазақстан АЭС құрылысына қаржыны қайдан алады
Фото: ©El.kz/Мария Рузматова 10.10.2024 12:37 689

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Қазақстанда АЭС құрылысын қаржыландыру туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, құрылыс бөліп төлеу арқылы жүзеге асуы да мүмкін.

Әзірге кімнің, қай елдің салатыны туралы шешім қабылданған жоқ. Тиісінше қаржыландыру қалай жүретіні де анықталмады. АЭС құрылысын қаржыландырудың бір жолы ретінде бөліп төлеу қарастырылып жатқанын білемін. Оны салатын компания төлемді кейінге қалдыра алады. Тиісінше қаржыландыру үшін қаражат қажет болмауы мүмкін. Бірақ қазір біз оны дәл айта алмаймыз, өйткені кімнің салатыны туралы нақты түсінік жоқ, - деді Қасенов Сенаттағы брифинг кезінде.

Айта кетейік, 6 қазан күні елімізде АЭС салу туралы референдум өтіп, дауыс беруге 7 миллион 820 мың 204 адам қатысса, соның ішінде 5 миллион 561 мың 937 адам қолдап дауыс бергені анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға