Жаңалықтар

Қазақстан 2026 жылы спутниктер топтамасын ұшырады

Қазақстан 2026 жылы спутниктер топтамасын ұшырады
Фото: © ОКҚ 26.07.2023 20:33 884

Бұл туралы Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Баубек Оралмағамбетовтын айтуынша, техникалық параметрлері бойынша қолданыстағы KazEOSat-1, KazEOSat-2 жерсеріктерінің белсенді жұмыс істеу мерзімі 2021 жылы өткен екен. Бірақ техникалық инженерлер техникалық аудит жүргізіп, олардың қолдану уақытын 2023 жылдың аяғына дейін ұзартты.

«Біздің болжауымыз бойынша, біздің ұшып жүрген жерсеріктеріміз 2026-27 жж. дейін жұмыс істеу керек. Бірақ оларды ауыстыру керек, қазіргі кезде бұл үлкен мәселе. Биыл айыру қабілеті орташа 5 м пиксель KazEOSat-MR түсірілім жасайтын үш спутникке контракт жасадық, олар 2026 жылы ұшырылуға тиіс», – деді Баубек Оралмағамбетов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға