Қазақсандық семсерлесуші Әлем кубогы кезеңінде топ жарды
14.11.2025 18:16
Фото:
ҚР ҰОК
Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі Айбар Қайым Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық спортшы қылыш қаруымен айқасудан өткен жарыста жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Финалда Қайым венгриялық Кенде Фодорды 15:12 есебімен жеңді.

