Жаңалықтар

«Қазақфильм» жабыла ма? Министр жауап берді

«Қазақфильм» жабыла ма? Министр жауап берді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 13.11.2024 14:15 465

Тілшілер мәдениет және ақпарат министрі Аида балаевадан «Қазақфильм» жабылуы мүмкін бе?» деп сұрады.

Оның сөзінше, бұл тарихи нысанды сақтап, оны дамыту бүгінгі ұрпақтың міндеті. Дегенмен ол Мәдениет министрлігінің «Қазақфильмді» тікелей қаржыландыруға құқықтық негізі жоқтығын, сондықтан мұны өзгертуге ниетті екенін айтты.

«Қазақфильм» жабылмайды, тек қазіргі жағдайы өте күрделі екенін мойындаймыз. Қаржыландыру жоқ кезде, даму туралы сөз қозғай алмайсың. Бос тұрған кеңселер мен құрылғыларды жалға беру арқылы түсіп жатқан қаражат сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің айлығына жұмсалады,- деді министр.

Естеріңізде болса, бұған дейін Мәжіліс депутаттары «Қазақфильмнің» күрделі жағдайын атап өтіп, оны жабу туралы да сөз қозғаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға