Жаңалықтар

Қазақ-Түрікмен мемлекеттік шекарасында режим орнатылады

Қазақ-Түрікмен мемлекеттік шекарасында режим орнатылады
Фото: turkmenmetbugat.gov.tm 05.04.2023 11:32 1186

Мәжілісте Қазақстан мен Түркіменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді радификациялау туралы заң жобасы қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл мәселе төңірегінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Алдажұманов баяндады.

«Келісімге 2021 жылғы 25 қазақ күні Ашхабад қаласында мемлекетердің Премьер-министрлерінің орынбасарлары деңгейінде қол қойылды. Келісімнің басты мақсаты құқықтық негізді белгілеу және мемлекеттік шекарада Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы қарым-қатынасты реттеу болып табылады.Онда Қазақстан-Түркіменстан мемлекеттік шекарасының режимін белгілеу және ҚР Ұлттық қаіпсіздігін одан әрі нығайту қарастырылады, – деді Ерлан Алдажұманов.

Ол мемлекеттік шекара режимі шекарада әрекет ететін ережемен мына тәртіпті құрайтынын айтты.

"Біріншіден, мемлекеттік шекараны күтіп ұстау, екіншіден, мемлекеттік шекара арқылы адамдарды көлік құралдары мен жүктерді және өзге де мүліктерді өткізу. Үшіншіден, мемлекеттік шекараның үстінен ұшуларды жүзеге асыру. Төртіншіден, мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеулер мен шекаралық асулар шегінде шаруашылық пен өзге де қызметтерді жүргізу. Бесіншіден, шекаралық тосын оқиғаны шешу. Келісім мерзімсіз болады және тараптардың бірі өзге тараптың қолданысын тоқтату ниеті туралы дипломатиялық арна арқылы жазбаша түрде ақпарат бермейінше қолданыста болады. Мұндай жағдайда келісім осындай хабарландыру алған күннен бастап үш ай өткесін өз қолданысын тоқтатады», – деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

Келісімнің радификациялану және күшіне енуі Қазақстан-Түркіменстан мемлекеттік шекарасындағы ережені орнатуға, ҚР Ұлттық қаіпсіздігін қамтамасыз етуге және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ, теріс әлеуметтік-экномикалық және құқықтық салдары жоқ екені айтылды. Бұған қоса республикалық және жергілікті бюджеттен қосымша қаржылық шығын талап етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға