Жаңалықтар

Қазақ тілін дамытуға Ақордадан ауылға дейін ат салысу керек – Қазыбек Иса

Қазақ тілін дамытуға Ақордадан ауылға дейін ат салысу керек – Қазыбек Иса
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 26.05.2023 17:44 1330

«Ақ жол» Демократиялық партиясының жетекшілігімен «Мемлекеттік тілді меңгерудің ұлттық стандарттары» жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Қазақ тілінің болашағы үшін алар маңызы зор жиынды «Ақ жол» партиясының басшысы Азат Перуашев басқарды.

Тіл мәселесі ең алдымен саяси проблема ғана емес, қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық, техникалық проблема. «Ақ жол» партиясы осы техникалық мәселелерді дамыған елдердің әдістемесін зерттей отырып шешу жолын іздеген. Осы мақсатпен былтыр «Ақ жол» партиясының фракциясы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метерология комитетіне Мемлекеттік тілді меңгерудің стандарттарын дайындау жөнінде ұсынысын айтқан. Құр сөзден нақты іске көшкен партияның талабы аяқсыз қалмапты. «Ақ жолдың» ұсынысына сай ҚазСтандарт ресурсының жетекшілері қазақ тілін меңгерудің стандарттарын дайындап, талқыға ұсынды. 

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса қазақ тілінің бүгінгі хал-күйі туралы сөз қозғай келіп:

Біздің ұсынысымыз бойынша стандарттау мәселесін жасаған Техникалық реттеу және метрология комитетіне, нұсқау берген министрлікке рақмет айтамыз. Стандарттау деген ең басты, қажетті нәрсе. Түркия Республикасының билігіне Кемал Ататүрік келген кезде бүкіл Түркиядағы 78 ұлт бүгіннен бастап бір түркі ұлтымыз, бүгіннен бастап бір тіл Түрік тілінде сөйлейміз деп жариялаған. Өзі айтып қана қоймай іс жүзінде кірісіп, Түрік тілінің стандарттауын жасаған. Сол сияқты бұған біз де Ақордадан ауылға дейін бәріміз ат салысуымыз керек, – деп осы жобаның стандарттаудың алғашқы қадамы екенін атап өтті.

Ұлттық стандаттар жобасымен стандарт жобасын әзірлеуші, сарапшы Махамбетова Айнұр таныстырды. Қазақ тілін меңгерудің коммуникативті тілдік құзыреттіліктері 5 деңгей бойынша әзірленген. Олар жоғары, ортадан жоғары, орта, базалық және қарапайым деңгей деп бөлінеді.

Қазақ тілін дамытуға Ақордадан ауылға дейін ат салысу керек – Қазыбек Иса

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға