Жаңалықтар

Қазақ тілі Telegram-ның ресми тілдер қатарына қосылды

Қазақ тілі Telegram-ның ресми тілдер қатарына қосылды
Фото: © AP 30.06.2023 12:15 923

Telegram-да қазақ тілін iOS пен Android жүйелерінде және браузер нұсқасында қолдануға болады. Бұл жөнінде Qazaq Grammar тобы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Telegram қосымшасының қазақшасы сілтеме арқылы beta нұсқа түрінде жұмыс істеген.

Qazaq Grammar тобының мәліметінше, қазақ тілі Telegram-ға түркі тілдері арасында түрік пен өзбек тілінен кейін үшінші болып қосылды.

Telegram'ға қазақ тілін қосу үшін қолданбаның баптауындағы "Тіл" деген тармаққа кіріп, тізімнен "Қазақша" дегенді таңдайсыз.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға