Жаңалықтар

Қазақ студенттері Индонезияда беделді марапат иеленді

Қазақ студенттері Индонезияда беделді марапат иеленді
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 15.07.2023 09:51 880
Қазақстанның студенттік автомобиль жасаушы инженерлер командасы Индонезияда беделді марапатқа ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттік «SU Racing Team» командасы Shell Eco Marathon Asia-Pacific and the Middle East 2023 халықаралық студенттік инженерлік командалар біріншілігінде жоғары мәртебеге ие болғанын мәлімдеді. Энергия үнемдейтін көліктер жарысына қатысуға тек университет студенттері әзірлеп, құрастырған және өздері басқаратын көліктерге ғана рұқсат етіледі.

Жарысқа Азия-Тынық мұхиты аймағы мен Таяу Шығыс елдерінен 80-нен астам университет командасы қатысқан. Қазақстандық студенттер 1 кВт/сағ электр батареялы энергиямен 261,1 км жол жүрген модульдік бөлшектелетін автокөлік құрастырып шықты.
 
«SU Racing Team» командасының Қытай, Филиппин, Индонезиядан келген командаларға тежеу механизмін орнату, реттеу және техникалық тексеруден өтуге көмектесуінің нәтижесінде «SU Racing Team» командасы Spirit of Shell Eco-marathon Award Winner жүлдесімен марапатталды – бұл жарысқа қатысқан командалардың бір-біріне өзара көмек көрсеткені үшін берілетін награда. Қазақстаннан барған студенттердің арқасында жоғарыда аталған елдердің командалары техникалық байқаудан өтіп, жарысқа қатысуды жалғастыра алды, сөйтіп жарыс жолына шықты.
Соңғы үш күн үміт пен үрейге толы болды, әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты командалар жиналды, олар – технологияны әзірлеу, сатып алу және пайдалану үшін «космостық» қаржы жұмсаған ең күшті командалар. Аз ғана уақыт ішінде біз нағыз сенімді машина құрастыра алғанымызға және әділ қазылар көптеген қатысушылар арасынан біздің команданың жұмысына жоғары баға бергеніне мен өте қуаныштымын», – деді «SU Racing Тeam» командасының капитаны Әлібек Ибраим. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға