Жаңалықтар

Қазақ қызы алғаш рет Эверест шыңын бағындырды

Қазақ қызы алғаш рет Эверест шыңын бағындырды
Фото: Kazakh Everest Team 12.05.2024 19:00 841

Құрамында альпинистер Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев бар "Kazakh Everest Team" қазақстандық команда әлемнің ең биік шыңы – Эверест шыңына (8 848 м) сәтті көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Kazakh Everest Team» баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық команда 12 мамыр күні Непал уақытымен таңғы сағат 07:25-те Эверест шыңын бағындырды.

8000 метрден жоғары биіктіктегі дауыл мен боран түріндегі күрделі ауа райы жағдайларына байланысты шыңды бағындыруға ниеттенген экспедициялардың көбі бағытынан кері қайтқан. Тек бес елдің альпинистері Эверестке сәтті көтеріле алған.

Олардың арасында біздің отандастарымыз бар. Олар тарихта әлемнің ең биік шыңына шыққан тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева және еңбегі сіңген қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев. Бұл оның Эверест шыңына осымен үшінші рет шығуы,- делінген мәліметте.

 «Kazakh Everest Team» командасының шыңға көтерілуі бес тәулікке созылған.

Эверест шыңына Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев Қазақстанның мемлекеттік туын орнатты. 

Бүгін, 12 сәуірде Анар мен Мақсұт IV Лагерьде (8000 м.) күрделі көтерілуден кейін төмен түсу үшін күш-қуатын қалпына келтіріп жатыр. Альпинистердің жағдайы қанағаттанарлық, бірақ күші сарқылып, базалық лагерьге түсу үшін біраз жинақталуы керек болып тұр,- делінген «Kazakh Everest Team» мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға