Қазақ пен қырғыз байыған: Садыр Жапаров жол құрылысына қатысты анекдот айтып берді
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров көлік министрлігіне 265 бірлік техниканы табыстау салтанатында жол құрылысымен айналысатындар алдында сөз сөйлеп, Қазақстан мен Қырғызстанда белең алған жемқорлықты әзілмен жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қырғыз бен қазақ – екі дос – Мәскеудегі жол құрылысы университетін тәмамдап, бірі Бішкек, екіншісі Алматыға аттанған.
Арада жыл өткенде қазақ досын қонаққа шақырып, екі қабатты үйі, бизнес санатындағы көлігі мен керемет өмірін көрсетеді.
Қырғыз қазақтан қалай байығанын сұрайды. Ол қонақты қала шетіне апарып, жолды көрсетеді.
«Мына жылды көріп тұрсың ба? Мен салғанмын. Қалыңдығы 5 сантиметр болатын асфальттің 1 сантиметрін алып тастап, байып кеттім», - дейді.
Үш ай өткен соң қырғыз досын үйіне шақырып қонақ етеді. Қазақ аң-таң: үш қабатты үй, жол талғамайтын көлік және саяжайы бар.
Қазақ: «Сен үш ай бұрын ғана жалдамалы пәтерде тұрушы ең, мұның бәріне қалай қол жеткіздің?» деп сұрайды.
Қырғыз Қара-Балты тас жолын көрсетіп: «мына жерде жол болуы керек еді, бірақ мен оны салмадым», - дейді.
Президенттің бұл әзіліне жиналғандардың барлығы бір күліп алды.