Жаңалықтар

Қазақ оқушыларының 64%-ы ана тіліндегі мәтінді толық түсінбейді – Рауан Кенжеханұлы

Қазақ оқушыларының 64%-ы ана тіліндегі мәтінді толық түсінбейді – Рауан Кенжеханұлы
Фото: history.kz 13.11.2023 12:43 1620

Рауан Кенжеханұлы Kazinform-ға берген сұхбатында қазақ оқушыларының 64% ана тіліндегі мәтінді толық түсінбейтінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – өте қауіпті құбылыс. Сондықтан бізге дәл қазір өзге тілде сөйлейтін ортаны қазақ тіліне тартудан да маңыздысы – қазақ тілінде сөйлейтін ортаның сөйлеу және жазу мәдениетінің сапасын көтеру. Кез келген ілгері ұлт, әсіресе интеллектуалдық тұрғыдан жоғары тұрған ұлттар өз тілінде көп жазады. Мағына мен мазмұн құрастырады. Кез келген мықты ұлт ең әуелі шығармашылық пен ғылымдағы ана тілінің қолданысын ілгерілететін ортаның әлеуетімен күшті. Бізді мазалайтыны және ойландыратыны – қазіргі қазақ қоғамында өз тілінде шығармашылықпен, ғылыммен айналысатын, әдемі, еркін және сауатты сөйлейтін ортаның барған сайын тарылып бара жатқандығы, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға