Жаңалықтар

Қазақ күресі балуандары Азия чемпионатында жалпы есепте көш бастады

Қазақ күресі балуандары Азия чемпионатында жалпы есепте көш бастады
Фото: Қазақ күресі федерациясы 27.05.2023 14:24 2002

Қазақ күресінен Азия чемпионатында ұлттық құрама балуандары 8 алтын медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстанның Жизақ қаласында қазақ күресінен ересектер арасында өткен Азия чемпионаты өтіп, 11 елдің балуандары бақ сынады. 

Ұлттық құрамада өнер көрсеткен маңғыстаулық Нұрдаулет Жарылғапов +100 келі Азия чемпионы атанды. Нұрдаулет алғашқы белдесуінде үндістандық спортшыны жеңсе, одан кейінге белдесулерінде тәжікстандық және жапондық спортшыдан басым түсті. 

Аталған сында Қазақстан Ұлттық құрама өкілдері жалпыкомандалық бірінші орынға тұрақтады. 

Жалпыкомандалық есеп отандастарымыз 8 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль иеленсе, 
ІІ орынға ие болған Өзбекстан балуандары 7 алтын, 4 күміс, 4 қоланы қанжығаларына байлалады. Ал ІІІ орын Тәжікстан спортшыларына бұйырып, 1 алтын, 5 күміс, 1 қоламен биіктен көрінді. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға