Қазақ файтері анасының қазасынан соң араға үш сағат салып жеңіске жетті
22.07.2024 16:05
Фото:
instagram.com/erka___22
Қазақстандық файтер Ернат Түгелбеков кезекті жеңісін сырқаттан көз жұмған анасына арнады. Ол анасының өмірден өткені туралы суық хабарды жекпе жекке шықпай тұрып естіген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Балқаш жолбарысы» деген лақап атпен жекпе жекке шығып жүрген қазақстандық файтер көз жасына ерік берді.
Осыдан үш сағат бұрын суық хабар келді. Таңертең анашым Раббысына қайтыпты, жаны жәннатта болсын! Бүгін шыққым келмеген еді, бірақ шықтым. Ақша керек дегендей… Анашым 7 жыл қатерлі ісікпен күресті. Анашым, сіз осы аурудан жазылып шықсаңыз, Меккеге, Дубайға апарамын ба деген ой болған. Жеті жыл көрген қиыншылығыңызды ақтаймын деп ойлағанмын. Анам қатты ауырды, – дейді Ернат Түгелбеков.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

