Қазақ елі Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды
23.02.2025 19:14
Фото:
Видеодан алынған кадр
Бүгін Алаш жұрты жазушы Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара басында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқып берді. Жедел хатта ұлағатты ғұмырын ұлт әдебиетіне арнаған, тағылымды туындыларымен оқырман санасына шамшырақ бола білген нағыз дегдар тұлғаның есімі халық жадында мәңгі сақталатыны жазылған.
Жезайыр жазушыны жер қойнына тапсырар сәтте сөз зергерінің замандастары көзді жасқа, көңілді шерге толтырып кете барған Дулат Исабеков жайлы жылы сөздерін айтып, өлшеусіз еңбегін үлгі етті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

