Жаңалықтар

Қазақ дзюдошылары Душанбедегі Гран-приде екі медаль иеленді

Қазақ дзюдошылары Душанбедегі Гран-приде екі медаль иеленді
Фото: Instagram/kaz_judoteam 05.06.2023 17:21 1111

Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан Гран-при-2023 әлемдік сериясының кезекті турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір қола медальмен толықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

100 келіден астам салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ерасыл Қажыбаев қола медаль иесі атанды. Аса ауыр салмақ өкілі үшінші орын үшін таласта Польша өкілі Каспер Сзуровскийді жеңді.

Ал осы жарыстың бірінші күні тағы бір қазақстандық Сұңғат Жұбат (66 кг) қола жүлдегер атанған болатын. Өкінішке қарай, бұл екі медаль дзюдошыларымызға Гран-приде үздік үштікке енуге мүмкіндік берген жоқ.

Тәжікстандағы Гран-при кезеңінің қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте ресейліктер жеңімпаз атанды, олар 11 медаль жеңіп алды, оның ішінде 5 алтын, 4 күміс және 2 қола бар. Татами иелері екінші сатыға жайғасты (3-3-1). Үздік үштікті Германия құрамасы (1 алтын және 2 күміс) түйіндеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға