«Шахтер» клубының жартылай қорғаушысы Данияр Шарабадин мен клубтың медиа-офицері Бекежан Ардақұлы El.sport YouTube арнасына сұхбат беріп, бірден бірнеше өзекті тақырыпты қамтыды. Әңгіме барысында Данияр жуырда өткен алғашқы ресми ұлттық киберфутбол лигасы – eKPL турниріндегі жеңісі туралы айтып, іріктеу кезеңінің қалай өткенін, финалда жеті дүркін чемпион Олжас Есентаевпен кездесудің қаншалықты жауапты болғанын бөлісті. Неліктен «Шахтер» клубы бас бапкерін ауыстырды? Бұл шешімнің артында қандай себептер жатыр? Қонақтар клубтағы өзгерістерге қатысты өз пікірін ашық білдірді. Толық сұхбатты көріп, өз ойыңызды пікірде қалдыруды ұмытпаңыз!