Qazaq Air пилоттары еңбек жағдайын жақсартуды талап етті
12.10.2025 15:07
Фото:
©El.kz
Qazaq Air әуе компаниясының пилоттары компания басшылығына үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Мәлімдемеде қойылған негізгі талаптар:
- түнгі рейстер үшін төлем жүйесін қайта қарау,
- командирлердің жалақысын көтеру,
- екінші пилоттардың жалақысын көтеру,
- барлық пилоттар үшін төлемді арттыру.
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі әуе компаниясынан бұл мәлімдемені елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарауды талап етеді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Көлік министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, Qazaq Air әуе компаниясының 49 %- ы Sovico тобына, тағы 49% -ы Самұрық Қазынаға, ал 2%-ы Kazasia Holding Limited компаниясына тиесілі.

