Жаңалықтар

Қазан айында ШҚО-да халықаралық бүркітшілер фестивалі өтеді

Қазан айында ШҚО-да халықаралық бүркітшілер фестивалі өтеді
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 21.09.2024 22:25 614

Шығыс Қазақстан облысы Бозанбай ауылының маңындағы «Бүркіт төбе» алаңында 10-14 қазан аралығында дәстүрлі «Шығыс салбұрыны» атты халықаралық бүркітшілер фестивалі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Аймақ басшысы Ермек Көшербаев фестиваль дайындығын пысықтап қайтты. Облыс әкімінің айтуынша, шығыстың туристік брендіне айналып, дәстүрлі түрде өтіп отырған аталмыш фестиваль жыл сайын ауқымын кеңейтіп, деңгейін өрлете түсуі тиіс.

«Шығыс Салбұрыны» фестиваліне республиканың басқа облыстарынан, соның ішінде шет елдерден, атап айтқанда бүркітші федерациясынан, Моңғолиядан, Венгриядан, Ресейден, Испаниядан, ҚХР-дан 130-дан астам өкіл қатысады. Негізгі іс-шаралар 11-12 қазанға жоспарланған. Күтіп отырған қонақтар саны 4000-нан 5000-ға дейін.

Әкімдік «Бүркіт төбе» алаңында киіз үй қалашығы (20-дан астам киіз үй) орналастырылатынын, онда туристерді бүркіттер мен сұңқарлардың қызықты сайыстары ғана емес, сондай-ақ көптеген ойын-сауық (түйемен сырғанау, алтыбақан, садақ ату және т.б.) күтілетін айтты.

Фестивальдің барлық қонақтарына өңірдің танымал гастрофирмаларынан тамақтану ұйымдастырылмақ. Жарыс бағдарламасына түрлі санаттағы бүркіттер мен сұңқарлар сайысы, «тазы» тұқымындағы жүйрік иттердің жарысы, «жамбы ату» және «теңге ілу» додалары кіреді. Сонымен қатар, фестиваль аясында ШҚО-ның аудандары мен қалалары халық шығармашылығы мен ұлттық тағамдар, сусындар және бал-панта сияқты жергілікті өнімдерді таныстыру мақсатында жаппай қатыспақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға