Жаңалықтар

Қайта құрылған Алматы облысының орталығы жаңаша сипатқа ие болмақ

Қайта құрылған Алматы облысының орталығы жаңаша сипатқа ие болмақ
Фото: gov.kz 08.06.2023 23:08 946

Бір жылдан сәл ғана астам уақыт бұрын ел Президенті Алматы агломерациясын екі облысқа бөлу туралы жарлыққа қол қойған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сол кездегі қаланың атауын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне орай өзгертуді қолдау туралы мәлімдеме қапшағайлықтардың үлкен қуанышын оятқан болатын. Ол күннің тарихи мәні зор және алдағы өзгерістер үшін тірек нүктесі іспеттес еді. 

Бірсарынды да үйреншікті өмір ағыны тоқтап, қала өмірі тура мағынасында жаңа бояуға боялып, құлпыра жөнелді, ал даму қарқыны шын мәнінде таңдай қақтырарлық сипатқа енді. Қалай дегенмен де, облыс орталығы деген мәртебе талап деңгейімен шендес болуға міндеттейді.

Қалаға бірінші кезекте инвесторлардың назары ауды. Қалада өнеркәсіптік нысандар құрылысына арналған алаң – Арна индустриалдық аймағы белгіленді. Онда іске асырылатын барлық дерлік жобалар – жеке инвестициялар, әрі тек қазақстандық қана емес, қатарында шетелдік инвесторлар да бар. Аталған алаңқайды барынша тартымды ету үшін жергілікті билік аз күш жұмсап жатқан жоқ: қажетті коммуникацияларды тартып, жолдар салуда. 

Сонымен қатар, алдағы жүктемені ескере отырып, екі: 150 және 60 МВт-тық қосалқы электр станциясының құрылысы жоспарланып отыр. Бұл қала экономикасына алдағы уақытта 4000-нан астам жұмыс орнын құруға негіз болатын тағы да 150 млрд теңге қаражат тартуға мүмкіндік береді.

Құрылыс саласында да айта қаларлықтай қарқын байқалады. Қаланың әрібір дерлік ықшамауданында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылыстары жүріп жатыр. 

Уақытша қолайсыздықтар қалалықтарға аздап ыңғайсыз жағдай туғызып отыр, алайда, тұтастай алғанда жақын келешекте оның барлығын абаттандырылған аулалар, ыңғайлы саябақтар мен көлік тұрақтары жауып кетері сөзсіз... Бұл жерде ең бастысы, баспана: үлкен-үлкен терезелері, көлік тұрағы мен инфрақұрылымы бар биік үйлер пайда болады.

10-ықшамауданда 900 орындық мектептің құрылысы аяқталып қалды. Қазір мұнда әрлеу-сырлау жұмыстары: сырлау, линолеум төсеу және өздігінен тегістелетін еден құю, асхана құрал-жабдықтарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылғы қыркүйектің 1-і күні мұнда алғашқы қоңырау үні сыңғырлайтын болады.

10-ықшамаудандағы мектептен бөлек, «Жәйлі мектеп» бағдарламасы бойынша тағы 2 мектеп тұрғызу жоспарланып отыр, олардың біреуі – қалада, екіншісі – 12-ықшамауданда салынады. Бас жоспарға сәйкес, болашақта біз көптеген әлеуметтік нысандар: 500 адам қабылдай алатын емхана, перинаталды орталық, жұқпалы аурулар ауруханасын, сондай-ақ, МЖӘ жобасы аясында – 350 төсектік көпбейінді аурухана салуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, қаланың облыс орталығы болып тағайындалған сәтінен басталған халық ағыны артқандықтан, тұрғын үйдің жетіспеушілігі тіркеліп отыр. Біз қазіргі таңда 10-ықшамауданды игеруді қолға алдық. Бұл жерде 107 тұрғын үй салынады. Құрылыс жұмыстары бюджет есебінен де, сол сияқты жеке құрылыс салушылар есебінен де жүргізілетін болады. Бұл баспанамен қамтамасыз ету, соның ішінде пәтер кезегінде тұрған азаматтарды қамту мәселесін шешуге көмектеседі», - деді Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев.

10-ықшамауданда бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан 60 пәтерлік үш тұрғын үй құрылысы жалғасып жатыр. 60 пәтерлік тағы бір үш үйге арналған сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесін тарту жұмыстары аяқталды, жылумен қамтамасыз ету желісінің құрылғыларын орнату аяқталып келеді, электрмен және газбен қамтамасыз ету желілерін төсеу жөніндегі жұмыстар жүріп жатыр, 

2021 жылдан бері қалада «Нұрлы жер» тұрғынүй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді (5.4.4. Тұрғын үй қорын жаңарту).осы бағдарлама аясында тұрғындарды көшіріп орналастыру мен апатты үйлерді сүріп тастау жұмыстары сатылы түрде жүргізіліп келеді. 5 үйдің тұрғындары бұл күнде қоныс тойларын атап өтті, ал бұрынғы ПДУ үйлердің орнына жаңа көпқабатты үйлер тұрғызылады. Тұрғындарға ескі пәтерінің орнына осыған ұқсас пәтер қайталама нарықтан немесе құрылысы біткен бойда – жаңа үйге орналасу ұсынылады.

Қаланың орталығындағы тұрғын үй кешендері инвесторлар есебінен салынып жатыр. Құрылыс барысында, негізінен, облыс аумағында өндірілетін материалдар қолданылуда, ал жұмыстарға жергілікті тұрғындар тартылып отыр.

Дей тұрғанмен, Қонаевта бірінші пайда болған нысан, қар барысы екені сөзсіз. Әрі бұл жерде әңгіме ақ-қара теңбілі бар жыртқыш туралы болып отырған жоқ. Қалаға оңтүстік жақтан кіре беріске орталық элементі – Алматы облысының символы болып саналатын «Қар барысы» мүсіні бар композициялық кешен орнатылды. 

Кешенді айналдыра ландшафтылық бақ отырғызылып, құбылмалы жарықтық шешімі бар декоративті инфрақұрылым құрылған. Қысқа мерзімнің ішінде Астана гүлзары абаттандырылды. Абаттандыру жұмыстары урбанистика кеңістігі тұжырымдамасының аясында жүргізілді. Біртекті, сұрқай көп қабатты үйлердің қасбеттері жаңартылып, боялды, 15 үйде муралдар пайда болды.

Орталық саябаққа да ауқымды қайта өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Маусымның 1-і, Халықаралық балаларды қорғау күнінде, Қонаевта еліміздегі ірі скейт-парк ашылды. Жалпы аумағы 9400 шаршы метр жерге скейт-аймақ (2000 ш/м), балалар алаңқайы (400 ш/м), воркаут аймағы (200 ш/м), фотоаймақ, сондай-ақ демалыс алаңшасы орналасқан. 

Мұнда, сондай-ақ, аумағы 150 шаршы метрді алатын мұз айдыны аренасының құрылысы жоспарланған. Оның төбесі жабық және жыл бойы қызмет көрсететін болады. Ол қысқы уақытта коньки тебуші әуесқойларды қабылдаса, ал жазғы маусымда роллерүй ретінде пайдаланылмақ. Су қоймасының жағалауына жақын жерге жаңадан шолу шеңберін орнату көзделіп отыр.

Қала шеңберінде 7 коммуналдық жағажай жұмыс істейді. Олар да апгрейдтен өтеді. Жағажай аймағы кеңейтіледі – ол үшін топырақ пен құм әкелінеді. Жаңа жағажай жергілікті халықтың көзі үйренген алдығысынан жаңа сапамен ерекшеленетін болады: тентті шатырлар астындағы ворк-аут аймағы, балалар алаңқайы және тіпті, балалар хәуізі жасалады. 

Көзделіп отырған инфрақұрылым бизнес нысандарына жыл бойы үздіксіз жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Ал, бастауын жағажай жиегінен алып, С.Сейфуллин көшесіне өтетін, ұзындығы 5300 метр болатын велосипед жолы қажет болған жағдайда веломарафон өткізуге мүмкіндік бермек. Құмды жағажайдың өзі 60 метрге кеңейтіліп, жаяу жүргіншілер пирсімен және тағы бір, ұзындығы 50 метрге жететін, су бетіне орнатылатын тамашалау алаңқайымен жабдықталмақ. 

Демалушыларға қолайлы болуы үшін шешініп-киіну орындары, ал қауіпсіздік үшін – полицияның ұтқыр нүктелері орнатылады. Футболды ұнататындар уақыттарын стадионда өткізе алады. 

Ерекше авторлық ШСФ-лар мен құрылымдар, тігінен көгалдандыру мен көкмайсалар – экологиялық нормалардың халықаралық сатандарттарына сәйкес жүргізілмек. 24 айға созылатын жобаны жүзеге асыру барысында қосымша 400 жұмыс орны құрылып, жергілікті бюджетке түсуі күтіліп отырған төлемдер мөлшері 2 млрд теңгеден асып түспек.

«Жаңа Іле» жаңа тұрғын үй массивінің құрылысы үшін аттандыру нүктесі 200 мың тұрғынға есептелген соны бас жоспар болады. Сөйтіп, қала аумағы екі есе дерлік мөлшерге: 9 мың гектардан 19 мың гектарға үлкеймек. Сонымен бірге қаланың дизайн-коды жасалды. 

Зерттеулер мен тәжірибелердің негізінде дизайн-кодтардың нұсқалары сүзгіден өткізілді. Бұл кодтың құрамына түрлі түстілік шешім ғана емес, сонымен қатар, тұтастай алғандағы, жаяу жүргіншілер үшін ыңғайлы кеңістіктер мен пайдалы алаңқайларды қалыптастыру жөніндегі тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге автокөліктердің, тұрғындардың шағын қыдырушы топтары да және шағын және орта бизнес өкілдерінің мүдделерін де сақтайтын шешім қарастырылған.

Алматы облысының жаңа орталығы тағайындалған күннен бері небары бір жыл ғана өтсе де, батыл түрде түйіндеп айтуға болады: Қонаев бұрынғыдай болмайды. Қаланы жарқын болашақ, қарқынды даму мен шексіз келешектер күтіп тұр. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар жасалып та қойды осы күні.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға