Жаңалықтар

"Қайратты жалғыз қалдырмайық". Гүлзира Айдарбекова ұлдары мен келіндері туралы айтты

"Қайратты жалғыз қалдырмайық". Гүлзира Айдарбекова ұлдары мен келіндері туралы айтты
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova 03.01.2024 15:25 29502

Продюсер, медиаменеджер Гүлзира Айдарбекова жаңа жылды Алматыда қарсы алғанын айтып, жоспары өзгеріп кеткенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа-жылдың отбасылық мерекесінде, жанұямыз түгел жанымызда болмаса да сымсыз телефонның құдіретімен арамыз еш алыстаған жоқ, көз алдымызда видеоқоңырау арқылы, сөйлесіп мәз болып отырдық. Қазіргі жастар не деген бақытты, дамыған заманда өмір сүріп жатқан. Ата-анамыздың көзі тірі кезінде, алыста жүрген біздерден сарғая, сағына тек хат күтуші ед, 1-2 аптада амандығы жазылған хат та жетіп қалар деп.Зуылдап өтіп жатқан заман-ай! Баршаңыздың отбасыңызда ауызбіршілік, татулық орын алсын! Абысын тату болса, бауырлар ажырамайды, жақындай түседі, өнеге алған ұрпағы бірін-бірін бауырым деп таниды. Алла саналы, адал келін бұйыртсын әрбір шаңырақтың шамшырағы боларлық. Анау кінәлі, мынау кінәлі деп өсек іздегенше, әр адам өз қатесін түзесе деймін. Барыңызда бағалаңыз! Өмір-өзен!, – деп жазды продюсер. 

Ол ортаншы келініне ешқандай міні жоқ екенін айтып, Қайрат Нұртасты жаңа жылда жалғыз қалдырмағандарын да жасырмады.

Аян мен Айгерім Астанада тұрады. Айгераға қоятын еш мініміз жоқ. Аян екеуі Қытайдан енді ғана келді, бекерге балаларды ауыртып алады, Астананың боранынан бала-шаға тұрмақ, Нұрекең 15 сағат әуежайда кідіріп, 1 тәулік отырып әрең жетті. Негізі Астанаға барып бәріміз бірге қарсы аламыз деп ойластырғанбыз. Оған Қайрат Қызылордадан 31-не кешке Алматыға тапсырыстарынан келді, жалғыз қалдырмайық дедік. Бала-шағасына Катарға да Алматыдан ұшуы керек болды. Мен де жаңа-жылды қарсы алып бола сала Вьетнамға ұшуым керек болды. Әйтеуір жоспарымыз өзгеріп кетті. Адамның емес, Алланың дегені болады деген рас қой, – деді продюсер. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға