t.me/kffleague

«Қайрат» «Жетісуды» ойсырата жеңіп, турнир кестесінде көш бастады

06.10.2025 06:24

Алматының «Қайрат» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында Талдықорғанның «Жетісу» командасын ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 5:0 есебімен аяқталды.

Алматылықтардың сапында Дастан Сатпаев, Жоржиньо (екі мәрте), Эдмилсон және Азамат Тұяқбаев мергендік танытты.

Бұл жеңіс «Қайратқа» турнир кестесінде көш бастауға мүмкіндік берді. Қазір команданың еншісінде 55 ұпай, бұл екінші орында тұрған «Астанадан» екі ұпайға артық. Ал «Жетісу» 21 ұпаймен 11-орында қалып отыр.