Жаңалықтар

Қайрат Сатыбалдының соты кейінге қалдырылды

Қайрат Сатыбалдының соты кейінге қалдырылды
Фото: Видеодан кадр 11.04.2024 13:12 527

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша айыпталған Қайрат Сатыбалдыға қатысты кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Былтыр сот отырысында сотталушы кінәні мойындау туралы процестік келісім жасау және заңсыз алынған активтерді қайтару туралы өтінішхат берген. Сот тараптарға осы мәселені шешуге уақыт белгілеген болатын.

Бүгінгі сот отырысында прокурор активтерді, оның ішінде шетелдегілерін қайтару рәсімі уақытты талап ететініне назар аударып, істі кейінге қалдыру және тараптарға аталған рәсімдерді орындау үшін мерзім беру туралы өтінішхат берді.

Сот отырысы процестік келісім жасау туралы мәселені шешу үшін кейінге қалдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға