Жаңалықтар

Қайрат Сатыбалды өзіне тағылған жаңа айыпты толығымен мойындады

Қайрат Сатыбалды өзіне тағылған жаңа айыпты толығымен мойындады
Фото: Kaspi Bank баспасөз қызметі / ©El.kz/Арман МУХАТОВ 01.04.2024 11:42 874

Астанада кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыға қатысты негізгі сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайрат Сатыбалдыға екінші рет 218-бап, 3-бөлім, 3-тармақ, ҚР ҚК - "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру" бойынша тергеу басталған. Айыпталушы сот отырысында кінәсін толық мойындайтынын айтты.

Қорғаушы тарап кінәсін мойындау және заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы процестік келісім жасау туралы өтінішхат берді. Осыған байланысты сот процестік келісімді жасау мәселесін шешу үшін уақыт берді. Сондықтан судья сот отырысын белгісіз мерзімге кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, 2023 жылы қыркүйекте Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот үкімі жарияланды. Ол 28-баптың 3-бөлігі, 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы, 195-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Қайрат Сатыбалдыұлына мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға