Жаңалықтар

Қайрат Сатыбалды елден шығарылған 44,6 млрд теңгені мемлекетке қайтарды

Қайрат Сатыбалды елден шығарылған 44,6 млрд теңгені мемлекетке қайтарды
Фото: Kaspi Bank баспасөз қызметі / ©El.kz/Арман МУХАТОВ 08.02.2024 09:55 1267

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 2024 жылдың басынан бастап қосымша 44,6 млрд теңге қайтарылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі

Қазіргі уақытта қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберіліпті.

Айта кетері, бұған дейін антикор Сатыбалдының мемлекетке 650 млрд теңгені қайтарғанын хабарлаған. Ол қылмыстық жолмен алынған қаражатқа және заңсыз іс-әрекеттерден түскен пайдаға сан алуан мүлік сатып алған. Ал ақшаны Қазақстан мен шетелдегі банк шоттарына салған.

Сондай-ақ салықтан жалтару фактісі бойынша Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға