©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері сатылымға қашан шығатыны айтылды

«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынына билеттер қыркүйектің 20-сынан бастап сатылымға шығуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Қолдағы мәлімет бойынша, билеттер ойынға 10 күн қалғанда сатылады. Егер матч 30 қыркүйекте өтсе, онда сатылым шамамен 20-сы күні басталады, – деді ол.

Вице-министр билеттің нақты бағасы әзірге белгісіз екенін атап өтті. Оның сөзінше, баға саясатын «Қайрат» клубы сұранысқа қарай айқындайды.

Жарасбаевтың айтуынша, билеттерді клубтың ресми сайтынан немесе әлеуметтік желідегі парақшаларынан алуға болады.

Еске сала кетейік, «Қайрат» өз тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығып отыр. Ал «Реал Мадридпен» матч 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.