"Қайрат" пен "Реал Мадридтің" алаңға шығатын негізгі құрамы белгілі болды
UEFA чемпиондар лигасының топ кезеңінде кездесетін алматылық "Қайрат" пен "Реал Мадрид" командаларының жасыл алаңға шығатын ойыншылар тізімі жария болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
"Қайрат" сапында алаңға шабуыл өтінде Дастан Сәтбаев, Жоржиньо, жартылай қорғаушылар Валерий Громыко, Офри Арад, Дамир Қасаболат, Александр Мрынский, қорғаушылар Еркін Тапалов, Александр Мартынович, Егор Сорокин, Луиш Мата шығады. Ал қақпада 18 жастағы Шерхан Қалмырза тұрады.
"Реал Мадрид" сапында шабуылшылар Килиан Мбаппе, Арда Гюлер, жартылай қорғаушылар Винисиус Жуниор, Орельен Тчуамени, Дани Себальос, Франко Мастантуоно, қорғаушылар Франциско Гарсия, Давид Алаба, Дин Хайзен, Рауль Асенсио ойнайды. Ал қақпаны белгілі ойыншы Тибо Куртуа күзетеді.
Аталған ойын Астана уақытымен 21:45-те басталады.

