«Қайрат» – «Пафос» матчы: қанша билет сатылды

УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда өтетін алматылық «Қайрат» пен Кипрдің «Пафос» командалары арасындағы матчтың басталуына санаулы сағат қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл кездесуге билеттер 13 қазаннан бастап сатылымға шыққан болатын. Көпшілік күткенімен, баға арзандаған жоқ – билеттердің құны 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін сақталған.

Мұндай баға кейбір жанкүйерлер үшін қолжетімсіз болып, Чемпиондар лигасы матчында алматылық клубты қолдауға кедергі келтірді.

Дереккөз мәліметінше, матч басталардан жеті сағат бұрын шамамен 11 мың билет сатылған.

Айта кетейік, Орталық стадионның сыйымдылығы – шамамен 23 мың орын.

Бұл ойынның тікелей трансляциясы «Qazaqstan» арнасында сағат 21:45-те басталады.