"Қайрат" өз алаңында "Тобылды" жеңді
14.08.2023 00:24
Фото:
instagram.com/f.c.kairat
Қазақстан чемпионатының 19-туры аясында “Қайрат” пен “Тобыл” өзара кім мықтыны анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алматыда өткен кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталды - 2:1. “Қайрат” ойынның бесінші минутында есеп ашты. Вячеслав Швыревтен пас алған Артур Шушеначев қақпаны дәл көздеді.
Ал 12-минутта Йован Илич таразы басын теңестірді.
Матчтың 43-минутында Шушеначев - Швырев дуэті тағы көзге түсті. Бұл жолы Шушеначев нәтижелі пас берді.
Осылайша, жеңіске жеткен “Қайрат” қайта төртінші орынға көтеріліп, “Қызыл-Жарды” бесінші орынға сырғытты.
Голдар:
Шушеначев (Швырев), 5 (1:0); Илич (Шахов), 12 (1:1); Швырев (Шушеначев), 43 (2:1)
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

