fckairat.com

«Қайрат» - «Олимпиакос»: билеттің жартысы да өтпеді

«Қайрат» футбол клубының УЕФА Чемпиондар Лигасы іріктеу кезеңіндегі Грекиялық «Олимпиакосқа» қарсы матчтың билеттер әлі күнге дейін толық сатылған жоқ. Клубтың ресми ақпаратында да билетке деген сұраныстың төмендігі байқалып отырғанын мойындады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алматы қаласындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты, «Олимпиакос» пен «Брюггеге» қарсы қос ойын елордадағы "Астана-Арена" стадионына ауысқан болатын. Дегенмен негізгі кезеңге өткен сәттен бастап, қыстағы ойындарға Алматының "Орталық стадионы" жарамсыз болып қалатыны белгілі еді. Жанкүйерлер болжағандай іріктеудің 6-7туры өзге қалада өтпек.

Дегенмен бұл ақпаратты қабылдай алмаған «Қайраттың» жергілкті жанкүйерлері бірден наразылық танытты. Себеп сол, өз қаласындағы ойын өзге алаңда өткеніне қапалы. Ал екінші себебі, билет бағасында болып тұр. Бұған дейін Алматыда өтіп келген ойын құны: 30 мыңнан - 250 мың теңгеге дейін деп бекітілген еді. Енді елордаға ауысқан ойында бұл баға екі есеге дейін төмендеді.

Қазір билет сатылып жатқан қосымшада бұрынғыдай топырлаған кезек те, екі-үш есе қымбатқа сатып жатқан алыпсатарлар да жоқ. Енді алматылық ұжымның ойының көргіңіз келсе, қалтаңызда 15 мың теңге болса жетерлік.

Ал футбол сарапшысы Қазбек Тайланов болса, астаналық жанкүйерлердің «Қайратты» арнайы қолдауға барады дегенге сену қиын деді.

Біріншіден ойын елордада өтеді, «Астана»  бұл «Қайраттың» принципиалды қарсыласы. Сол себепті астаналық жанкүйерлер «Қайратты» арнайы қолдау үшін келеді дегенге сену қиын. Екіншіден, билет бағасы 15 мыңнан басталып, 50 мыңға дейін жетеді. Бұл қарапайым халық үшін қымбат деп санаймын. Үшіншіден, келетін қарсылас «Олимпиакос». Бұл ұжым деңгейі бойынша да, атағы бойынша да алматылық ұжымның негізгі кезеңдегі қарсыластарынан әлсіздеу десекте болады. Өткен жолы «Пафостың» құрамында Давид Луиз секілді атақты ойыншы болса, бұл жолы оның бірі де жоқ, - деді Қазбек Тайланов.

Ойынның басталуына бір аптаға жуық уақыт қалса да, билеттің тең жартысы өтпегенін аңғару қиын емес. Мәселен, Шығыс және Оңтүстік секторлар толығымен бос тұр. Бұл трибуналардағы билет құны: 25 мың теңге. Егер корольдік ұжымды быйлай қойып, «Пафоспен» болған ойынмен салыстырған күннің өзінде тым төмен көрсеткіш болып тұр.

Айта кетейік, «Қайрат» - «Олимпиакос» ойыны 9 желтоқсан, сағат 20:30-да басталады.