Жаңалықтар

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова сахнада құлап, белін ауыртып алды

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова сахнада құлап, белін ауыртып алды
Фото: Видеодан кадр 26.12.2023 12:45 3141

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Қ. Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында "Қара шекпен" спектаклінде басты рөлде ойнайды. Ол спектакль кезінде құлап, аяқ-қолын ауырып алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы актриса әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

20 күн қобалжып, дамылсыз дайындығымыздың нәтижесі халқымның дәл осы қол соғуымен бағаланды деп білем. Сіздерге білдіртпейтін жайттар да болып жатты. Бірінші акттан кейін аяғым тайып, оңбай құладым. Десе де көзі өткір көрермен бәрін байқайды. Екінші бөлімде көзім қарауытып, жаныма батып тұрған ауруға әрең шыдадым. Жедел жәрдем тез жетіп, дәріні тамырымнан тамызып, сахнаға қайта жүгірдім. Ет қызуымен, дәрінің күшімен қойылымды аяқтап, ауруханаға барып, қол-аяғымды таңдырып алдым. Еркелеуге уақыт жоқ, - деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Айта кетейік, өнер иесі бала күнінде жиі барып тұратын Жетісайға барған сапарында қызықты сәттерін еске алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға