Жаңалықтар

Қайрат Нұртастың анасы мен әйелінің бірге түскен суреті көпшілікті қуантты

Қайрат Нұртастың анасы мен әйелінің бірге түскен суреті көпшілікті қуантты
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova 07.10.2024 13:23 1757

Танымал отандық әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова маңызды іс-шараға өзінің келіні, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованы шақырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айдарбекова өзінің Instagram-парақшасында жазба жариялап, кештің қалай өткенін көрсетті. Ал іс-шарадан соң түскен суретте жанында үлкен келіні Жұлдыз бен кіші келіні Индира болған.

Күні кеше менің екінші дүкенімнің ашылуы өтті. Келген достарым мен оқырмандарыма алғысым шексіз. Ол кісілерге де сырттай қарап тілеулес болып отырған оқырмандарым, сіздерге де адал еңбек, табыс және еңбектеріңіздің жемісі мен жетістігін көрулеріңізді Алла жазсын! – деді Айдарбекова.

Оқырман қауымды дүкеннің ашылуы емес, продюсердің үлкен келінінің қатысқаны көбірек қуантқан.

«Дүкенді қоя берші, Жұлдызды көріп қуанғандар қайдасыңдар? Әулетіңмен өсіп-өнгір-ай», «Дүкеннің ашылуына емес, Жұлдызды жаныңызда көргенімізге қуандық», «Жұлдыздың осылай енесінің жанында жарқырап жүргені жарасады», «Жұлдыз көркіне ақылы сай келін! Өзіме қатты ұнайды. Осыған дейін басынан не өткенін тек өзі білді. Бірақ тіс жармады. Міне осыны тектілік дейді», «Жұлдызды көріп қуанғандар біргеміз», «Жұлдыздан тектілік аңқып тұр», - деп жазды көпшілік.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға