Қайрат Нұртас қамаудан шыққаннан кейін қайда концерт беретіні белгілі болды
Мөлдір Қайнар тілші
Қайрат Нұртас қамаудан кейінгі алғашқы концертін Теміртауда өткізетін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әуе ұшағында досымен жанжалдасып, төбелес шығарған әншіні «Кармет» компаниясы металлургтер күніне орай гала-концертке арнайы шақырып отыр. Шара осы жексенбіде Астана алаңында сағат 18:00-де өтеді. Концертке кіру бәріне тегін.
Еске салайық, 5 шілдеде Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынған болатын.
Қайрат Нұртасқа ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі (жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық) және ӘҚБтК-нің 73-баптың 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша айып тағылды.

