instagram.com/kair_n

Қайрат Нұртас көпшілікке қуанышты жаңалығын айтты

04.07.2025 18:04

Танымал әнші Қайрат Нұртас 7 шілдеде Астанада өтетін жеке концертіне байланысты қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Әнші Instagram парақшасында аталмыш кешті тікелей эфирде көрсету ойы бар екенін айтып, тыңдармандардың пікірін сұрады. 

Ассалаумағалейкум, менің сүйікті тыңдармандарым 7 шілде күні Астана қаласында өтетін ән кешімді тікелей эфирде телеграмм арқылы көрсетілім жасасам қалай ойлайсыздар? ИӘ немесе ЖОҚ деп жауап қалдырыңыздар! Сіздер не айтасыздар – сол болады, – деді Қайрат Нұртас.

Әлеуметтік желі қолданушылары өнер иесінің концертіне онлайн қосылып, үйден тамашалауға мүмкіндік туғанына қуанышты екенін жеткізген.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)