Қайрат Нұртас әйелінен ән арқылы кешірім сұрады
28.12.2023 11:37
Фото:
instagram.com/kair_n
Танымал отандық әнші Қайрат Нұртас жыл аяқталар тұста тыңдарманын жаңа бейнебаянымен қуантты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі көпшіліктің назарына «Кешір мені» әніне түсірілген бейнебаянды ұсынды. Көпшілік осылайша өнер иесі жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімовадан кешірім сұрап отыр деп топшылады. Себебі соңғы уақытта екеуінің қарым-қатынасына қатысты түрлі қауесет айтылып жүрген.
Тыңдарманы да сүйікті орындаушысының туындыларын сағынып қалған секілді. Жазылған пікірлердің басым бөлігі әншінің дауыс ерекшелігін атап өткен. Арасында Жұлдыз екеуі бір шаңырақ астында тұрып, бірге қартайса екен деген тілегін жеткізгендер де бар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

