instagram.com/f.c.kairat

«Қайрат» клубы тарихи матчына аттанды

Алматының «Қайрат» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында «Спортингпен» кездесу үшін Португалияға аттанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Клубтың баспасөз қызметі ұжымның Алматы әуежайына келгенін және Лиссабонға ұшу үшін рейске тіркеліп жатқан видеосын жариялады.

«Спортинг» - «Қайрат» арасындағы кездесу 18-інен 19 қыркүйекке қараған түні Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады. Алматылықтар үшін бұл Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойын болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйекте «Қайрат» өз алаңында Мадридтің «Реал» клубын қабылдайды. Ал бұл матчқа билет бағасы 30 мың теңгеден басталады. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat)