«Қайрат» клубы израильдік футболшыға қатысты шешім қабылдады
29.11.2023 15:10
Фото:
"Қайрат" ФК
«Қайрат» футбол клубы Израиль құрамасы мен «Маккабидің» (Хайфа) 25 жастағы қорғаушысы Офри Араданың трансфері туралы жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол «Маккабиден» 31 желтоқсанға дейін жалға алынған еді, енді алматылық клубтың толыққанды ойыншысы атанды. Келісімшарт 2025 жылдың соңына дейін жасалған. Дегенмен келісімнің өзге деректері белгісіз.
Офри Арад Алматы клубының сапын биылғы ақпан айында толықтырды. Ол «Қайрат» сапында 27 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы Қазақстан чемпионатында «Қайрат» төртінші орын алды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

