«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин мен ойыншылар Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде «Спортингпен» кездесу үшін Португалия астанасына ұшып барды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.
«Қайрат» Лиссабонға сәтті қонды. Бүгін кешке команда Португалия жерінде алғашқы жаттығуын өткізеді, - делінген жазбада.
Ал жанкүйерлер командаға сәттілік тілеп, сенім білдірген.
«Алға, «Кайрат»!, «Қалмұрза, жарайсың», «Жеңіспен оралыңдар», «Спортинг» оңай қарсылас емес, бірақ Дастан гол соғады деп сенеміз», «Дастан Сәтпаев гол соғып, тарихта ең жас ойыншы рекордын бұзсын және Шерхан Қалмұрза қақпасын құрғақ сақтап қалсын деп сенейік», - деп жазды көпшілік.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

