Жаңалықтар

«Қайрат» футбол клубы Алматы меншігіне өте ме? – Ерболат Досаевтың жауабы

«Қайрат» футбол клубы Алматы меншігіне өте ме? – Ерболат Досаевтың жауабы
Фото: instagram.com/f.c.kairat 22.06.2023 15:30 1925

«Қайрат» футбол клубын коммуналдық меншікке беру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қайрат» клубы – қаламыздың игілігі, еліміздегі ең ескі футбол клубы, бірақ әзірге клуб коммуналдық меншікке берілмейді. Басқа шешімдер, сот шешімдері болған жоқ, меншік иелері тарапынан бастамалар да көтерілген жоқ. Олар өздері қаржыландырып жатқанда, қала тарапынан «Қайрат» балалар-жасөспірімдер мектебін жыл сайын қаржыландыру ғана қалады. Клубтың өзі дамып келеді және Қазақстан чемпионатына қатысып жүр, - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында тілшілер сұрағына.

Қала әкімінің айтуынша, клубты қаржыландыру жетіспеушілігі немесе басқа да мәселелер туындаған жағдайда, шешім заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.

Қазіргі уақытта әкімдіктің күн тәртібінде мұндай мәселе тұрған жоқ, - деді ол.

Айта кетейік, «Қайрат» футбол клубы 1954 жылы Алматыда «Динамо» базасында құрылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға