instagram.com/f.c.kairat

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын қалай өткізді

Алматының «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Олимпия» (Словения) командасымен кездесіп, тең нәтиже көрсетті – 1:1, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Матч қорытындысы:

59-минутта 16 жастағы Дастан Сәтпаев есеп ашып, «Қайратты» алға шығарды. Осылайша ол еурокубоктар тарихында гол соққан ең жас қазақстандық атанды әрі биылғы 10-голын соқты.

Дегенмен 66-минутта Пинту Кошта есепті теңестіріп, осы есеп ойын соңына дейін өзгерген жоқ – 1:1.

«Қайрат» пен «Олимпия» арасындағы қарымта матч 15 шілдеде Алматыдағы Орталық стадионда өтеді, басталуы – 20:00.

«Қайрат» келесі кезеңде жеңіске жетсе, «КуПС» (Финляндия) пен «Милсами» (Молдова) матчының жеңімпазымен кездеседі.

Жеңіліп қалса, Лига конференциясының екінші раундында қатысады.