Жаңалықтар

Қайрат Боранбаевтың компаниялары 30 млрд теңгеден астам қаржыны қайтарды

Қайрат Боранбаевтың компаниялары 30 млрд теңгеден астам қаржыны қайтарды
Фото: Видеодан кадр / instagram.com/kairat4 17.10.2023 15:50 674

Қайрат Боранбаевқа қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ол өз еркімен тергеумен ынтымақтасу ниеті туралы мәлімдеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды.

Еске салайық, көгілдір отынды әкелу кезінде қаражат ұрлау фактісі бойынша жүргізілген тергеу аясында Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығын өтеген болатын.
❗️

Бұл қаражат қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім беру саласын қолдауға, мектептер мен басқа да оқу орындарын салуға және қайта жаңартуға, сондай-ақ бүкіл республика бойынша әлеуметтік салаға бағытталатын болады (ҚР Бюджет кодексі 52-3 бап).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға