Жаңалықтар

Қайрат Боранбаевтан тәркіленген қонақ үйді не істемек

Қайрат Боранбаевтан тәркіленген қонақ үйді не істемек
Фото: © ОКҚ / instagram.com/kairat4 22.12.2023 17:47 2122

Сотталған бизнесмен Қайрат Боранбаевтың қонақ үйі Астана әкімдігінің балансына беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

Қалаға тек Comfort Hotel Astana беріледі. Фитнес-орталықтар берілмейді. Білуімше, компанияның бас кеңсесі басқа қалада орналасқан. Шамасы, сол жерден басқарылады. Comfort Hotel бойынша тапсыру процесі әлі жүріп жатыр. Ол аяқталғаннан кейін не істейтінімізді шеше жатармыз. Бірақ алдын ала айтарым – қалада сондай деңгейдегі қонақ үй жетіспейді. Бәлкім, ол қонақ үй күйінде сақталуы мүмкін, - деді ол.

Айта кетейік, биыл белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев ісі бойынша сот үкімі шықты. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Көп өтпей мемлекетке байлығының бір бөлігін тапсырған Боранбаев бостандыққа шықты. Бұған дейін Боранбаевтан мемлекет кірісіне Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы коммерциялық үй-жай және  686 млн теңгенің жер учаскесі, банк шотындағы 1 млрд 270 млн 190 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат, Халық банкіндегі түрлі шоттардағы 5 млн 685 мың 727 доллар, 1 млн 170 мың 329 доллар, 755 млн 859 мың 601 теңге, 193 млн 170 мың 137 теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат тәркіленген. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға