Жаңалықтар

Қайрат Боранбаев мемлекетке 120 млрд теңгені қайтарды

Қайрат Боранбаев мемлекетке  120 млрд теңгені қайтарды
Фото: Қайрат Боранбаев / Mcdonalds.kz 14.09.2023 11:40 844

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға байланысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу шеңберінде жалпы құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданды.

Сондай-ақ, Қ.Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды.

Осы объектілердің барлығы мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына беріліп, болады, ал ақшалай қаражат білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылатын болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қ.Боранбаев табиғи газ импорты кезінде қаражатты жымқыру эпизоды бойынша тергеу аясында 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеген болатын.

Агенттік заңсыз активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға