Қайрат Әділгерей Сәбит Әбдіхалықовтың жағдайын сұрап барды
Фото: Instagram/kairat_adilgerey
Фото: Instagram/kairat_adilgerey
01.03.2024 11:51
1605
Жақында жүрегіне бес сағат бойы операция жасатқан Сәбит Әбдіхалықов жақындарына алғыс айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірқатар өнер иелері продюсердің жағдайын сұрап барған. Суреттен байқағанымыздай, досы Жалғас Толғанбай, әзілкеш Қайрат Әділгерей, Шағуан Үмбетқалиев, Олжас Сақ пен Рахымжан Құдайбергенов барған.
Жалғас досым таң атпай келіпті. Шағуан, Олжас, Рахымжан бауырларыма Алла разы болсын, - деп жазды Сәбит Әбдіхалықов.
Қайрат Әділгерей де бірге түскен суретін Instagram парақшасында жариялап, ізгі тілегін білдірді.
Сәке ауырмаңыз, тезірек жазылып аяққа тұрып кетуге тілектеспін, - деп жазды Қайрат Әділгерей.
Еске салайық, Сәбит Әбдіхалықов инфаркт алғаннан кейінгі ота жайлы айтқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада 7 жасар бала досының өмірін сақтап қалды
Келесі жаңалық
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды