«Қайда жүргенін хабарлап отыруы керек». Бишімбаев Салтанатқа қандай талаптар қойған
Фото: коллаж El.kz
Фото: коллаж El.kz
23.04.2024 17:06
1453
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі сот процесінде Бишімбаевтың психолог Юлия Герасимовамен хаттары оқылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл психологқа Нүкенова Бишімбаевпен бірге бара бастаған. Ол Салтанатқа «аптасына бес күн кешкі ас дайындауы керек, сол кешкі асқа қатысуы міндетті, өзінің қайда жүргенін хабарлап отыруы маңызды, өзін ұстамды ұстау қажет» деген талап қойған.
Ал Салтанат Бишімбаевтан айыптауды қойып, эмоционалды қысымды төмендетуін өтінген.
Психолог оларға шекараларын сақтап, ұрыс-керістерді бейбіт жолмен шешіп, өзінің арнасына жазылуын сұраған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Абай облысында су тасқынына дайындық барысы тексерілді