©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Қай өңірлерде құрылыс қарқыны артты?

12.07.2023 10:26

Биыл 7,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, құрылыс жұмыстарының көлемі 12,3%-ке ұлғайған.

Еліміздің 19 өңірінде оң өсу тіркелді, әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Жетісу, Абай, Қызылорда және Жамбыл облыстарында байқалды. Қаңтар-маусым айларында 7,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ке жоғары, - деді министр.

Оқи отырыңыз:

Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ұлытау және Абай облыстарында екенін атап өтті.