"Қауіпсіз жол": Абай облысында үш күнде 741 адам жол ережесін бұзған
12.11.2024 02:25
Фото:
Абай облыстық ПД
Абай облысында 8-10 қараша аралығында республикалық «Қауіпсіз жол!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Рейдтер барысында 741 жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтар болсақ, тәртіп сақшылары көлік құралын масаң күйде басқарудың 12 фактісін, жүргізуші құқығынан айырылған тұлғалардың көлік басқарған 3 фактісін, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтудің 150 дерегін анықтады. Бұдан өзге көлік жүргізу құқы жоқ тұлғалардың - 10, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің - 38, мемлекеттік нөмірсіз көлік құралын басқарудың 10 фактісі тіркелді. Сонымен қатар 30 көлік айыппұл тұрағына орналастырылды. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

