instagram.com/katonkaragay_nationalpark

Қатонқарағай демалушылар үшін жабылды

29.07.2025 01:23

Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі уақытша жабылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы парктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында 5-ші төтенше орман өрті класының тұрақты орнауына байланысты, өрт қауіпсіздігі қағидаларының 17-тармағы, 9-тармақшасына сәйкес, жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына шектеулер енгізіледі. Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, - делінген мәліметте.